Бірнеше облыста көлік қозғалысына енгізілген шектеу әлі де күшінде
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 10 желтоқсанда таңғы уақытта еліміздегі республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысы қайта жанданды.
Алматы облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 59-200-шақырым аралығы (Ақсай ауылы — Қаншеңгел ауылы);
• «Күрті — Қонаев» автожолының 0-67-шақырым аралығы (Қонаев қаласы — Күрті ауылы);
Абай облысы
• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971-1013-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);
• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы (Өбе өткізу пункті) (Сарқан, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқыры асуына кіреберісімен бірге)» автожолының 683-768-шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейін);
• «Таскескен — Бақты (ҚХР шекарасы)» автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін);
Шығыс Қазақстан облысы
• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1068-шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Қасым Қайсенов кенті);
Ал бірнеше облыста көлік қозғалысына енгізілген шектеу әлі де күшінде.
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 535-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін);
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесі (Қордай асуының жаңа айналма жолы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін).
Түркістан облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы
• «Өскемен — Риддер» автожолы, 15-105-шақырым аралығы (Белоусовка ауылы — Риддер қаласы);
• «Өскемен — Шемонаиха» автожолы, 1104-1191-шақырым аралығы (Глубокое ауылы — Шемонаиха қаласы);
• «Өскемен — Семей» автожолы, 10-103-шақырым аралығы (Герасимовка ауылы — Абай облысының шекарасы)
Жетісу облысы
• «Сарыөзек — Көктал» автожолының 40-68-шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтын Емел асуы).
Оқи отырыңыз: 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады