Сейсмологтар Алматыдан 379 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді

16.07.2025 10:28

Зілзаланың ошағының бағыты 42,46 солтүстік ендікте, 72,44 градус шығыс бойлықта жатыр

Jens Aber/unsplash.com/

Қазақстанның ұлттық орталығы Астана уақытымен сағат 06:27-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жедел мәліметтерге қарағанда, зілзала Қырғызстан аумағында болған.

Зілзаланың ошағының бағыты 42,46 солтүстік ендікте, 72,44 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mb=4.6, энергетикалық санаты K=9.9.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 1 жасар бала болт жұтып қойды