ШҚО-да 72 ауыл су тасқыны қаупі бар аймақта тұр

Абай облысы әкімдігі
Абай облысы әкімдігі

Бүгінгі таңда 108 072 шаршы метр мұз ұсақталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір бойынша жедел штаб құрылып, соның өкілдері қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік етуде.

"Облыстағы 2 қалада және 11 ауданда су тасқыны қаупі бар 72 елдімекен анықталды. Ондағы 3685 үйде 9438 адам тұрады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілген соң 15 елді мекенде қауіп жойылып, 49-ында азайтылды. Ал 8 ауылда әлі қауіп сақталуда", — делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстандағы өзендерде мұз кептелісін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 108 072 шаршы метр мұз ұсақталған. 

Аймақ бойынша 362 мың текше метр қар шығарылды. 4213 су өткізу құрылысы, 411 арық пен 75 канал, 426 көпір тазаланды. 10,2 мың тонна инертті материал, 301 тонна жанар-жағармай, 82,7 мың ыдыс-қап дайындалды.

Оқи отырыңыз: Ақ бата: Алматы облысында іріктеу сайысы өтті

Новости партнеров