Бірнеше қалада ауа сапасы төмендеуі ықтимал
«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Синоптиктердің болжамынша, екі мегаполисте, сондай-ақ Өскемен мен Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Мұндай кезде ауада зиянды қоспалар жиналып, оның сапасы нашарлауы мүмкін.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен өнеркәсіп орындарының маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.
Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан бойынша 233 мың талапкер ҰБТ тапсырды