Қазақстандағы жолдардағы жағдай жайлы ақпарат

19.01.2026 11:30

Шектеу елдің шығысы мен батысында сақталуда.

Depositphotos

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

2026 жылғы 19 қаңтарда Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында кей жерлерде қар жауып, боран соғады деп күтілуде.

Жүргізушілерге жылдамдық режимін және жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруге кеңес беріледі.

19 қаңтар күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша екі облыста республикалық маңызы бар екі автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Атырау облысы:

  • «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621–841 шақырым аралығы (Атырау қ. — Құрманғазы к. учаскесі).

Жетісу облысы:

  • «Үшарал — Достық» автожолының 84–164 шақырым аралығы (Көктума к. — Достық ст. учаскесі).

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады