Боран мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында бірқатар шектеу енгізілді
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, боран мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында бірқатар шектеу енгізілді.
"Атап айтқанда, бүгін сағат 13:30-дан бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 1104–1191 шақырымдарда (Глубокое-Шемонаиха учаскесі) автобустар мен тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ дәл осы уақыттан «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка-Риддер бағыты) автобустар мен тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы шектелді", - делінген ақпаратта.
Ал сағат 12:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Шемонаиха-Секисовка» жолының 0-56 шақырымында дәл осындай шектеулер енгізілген.
Оқи отырыңыз: 24 қарашада республика бойынша қай жолдарда шектеу бар