ШҚО-дағы аудандардың бірі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Depositphotos
Depositphotos

Бұған жел екпінің 35 метрге дейін күшеюі себеп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған жел екпінің 35 метрге дейін күшеюі себеп.

Күршім ауданы білім бөлімінің мәліметінше, бүгін 1–11 сыныптардың сабақтары мына білім беру мекемелерінде онлайн өтеді: Қаратоғай орта мектебі, Ақший бастауыш мектебі–балабақшасы, Қойтас жалпы білім беретін мектебі, Алғабас орта мектебі, Қыстау–Күршім жалпы білім беретін мектебі, Ақсуат жалпы білім беретін мектебі, Жолнұсқау жалпы білім беретін мектебі және Монуқой жалпы білім беретін мектебі.

Ауданда ауа райы тұрақтанғаннан кейін оқу қалыпты режимге қайта көшетіні айтылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 қараша аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров