19 ақпан соңғы жылдардағы ең жылы қысқы күн болып тіркелді
2026 жылдың 19 ақпаны Алматы тарихындағы ең жылы күн ретінде тіркелді. Ауа температурасының көрсеткіштері бұған дейінгі рекордтардан айтарлықтай асып түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Метеорологиялық қызметтердің мәліметінше, бейсенбі күні мегаполисте ауа райы +22,8 градусқа дейін жылыды.
«Бұл - ауа температурасын бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін осы күндегі ең жоғары температура 2021 жылы тіркеліп, термометр бағанасы +16,3 градусты көрсеткен болатын», - дейді «Қазгидромет» мамандары.
Олар мұндай ауытқуды жылы ауа массаларының келуімен және суық фронттардың болмауымен түсіндіреді.
Сондай-ақ биылғы ақпан айындағы температура бұрынғы жылдардағы орташа көрсеткіштерден (+15…+18°C) де жоғары болып отыр.
Мамандардың айтуынша, бұл жай ғана жылымық емес, ерте келген көктемгі кезеңнің белгісі.
Дегенмен қала тұрғындарына ауа райының құбылмалылығын ескеріп, сақтық шараларын ұмытпау ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болады