Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

25.12.2025 16:00

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады

Depositphotos

Жетісу өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал — Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы — Достық станциясы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 25 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай