Шектеу ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасына сілтеме жасап.
"2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", — делінген компания таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңбыр мен қар: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шарасын күшейтті