Жаздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады

31.08.2025 09:42

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді

Mira Baibek

Синоптиктер 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Батыс антициклоны Қазақстан аумағына ауыса бастады. Салқын ауа массаларының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді», - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз термометрлер 12-17 градусқа дейін төмендейді. Тіпті оңтүстік облыстар да аптап ыстық біртіндеп 23-28 °C дейін төмендейді.

Тек Қазақстанның батысы ғана Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массаларының ықпалында болатындықтан, ауа температурасының біртіндеп 32-37 градусқа дейін күрт жоғарылауы мүмкін.

Астанада құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +17...+19°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8, кейде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.

Оқи отырыңыз: 31 тамызға арналған валюта бағамы