Жексенбі күні елімізде ауа райы қандай болады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күндіз Жетісу облысында 36 градус қатты ыстық болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Республиканың басым бөлігіне циклон мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіктен, найзағай ойнап, жаңбыр, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, қатты жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша күндіз солтүстік өңірлерд, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.

Абай облысының шығысында, Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Күндіз Жетісу облысында 36 градус қатты ыстық болады. Күндіз Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус ыстық болады. Күндіз Қызылорда облысында 40 градус ыстық болады.

Астанада бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, жел жылдамдығы 3-8, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 маусым аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров