Жексенбі күні елімізде ауа райы қандай болады

03.08.2025 09:24

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Аlmaty.tv

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +20...+22°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 3-8, кейде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°C, күндіз +35...+37°C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C болады.

Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +36...+38°C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C болады.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C болады.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +19...+21°C болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +22...+24°C болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C болады.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C болады.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C болады.

Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 7-12, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C. Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C болады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C болады.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C болады.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел 7-12, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +20...+22°C болады.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген қарындасына арнап жүрекжарды жазба жариялады