1 қазанда еліміздің оңтүстігінде қар жауды
Синоптиктер қазақстандықтарды жылы киініп жүруге шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өйткені алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы - 9 градусқа дейін төмендейді. Жел тұрып, тұман да түседі.
Айта кетейік, бүгін еліміздің оңтүстігінде қар жауды.
«2-3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында солтүстік батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы ашық болады. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшейеді», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.
Оқи отырыңыз: Алматыда 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ауа райы қандай болады