Алдағы қыста ауа райы қандай болады

06.12.2024 14:00

Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады

Фото: Victor Glutsenko

2024 жылдың желтоқсаны еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

«Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады», – деп хабарлады синоптиктер.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 қараша аралығында ауа райы қандай болады