Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Давоста бірқатар кездесу өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті", - делінген ақпаратта.
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқанын еске салайық.