Бүгінде екіжақты сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жетекші сауда серіктесі.
Бүгінде екіжақты сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті.
– Біз Румынияны достас мемлекет ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің тарихына, жүргізіп отырған саясатыңызға және халқыңыздың дәстүріне құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық қарым-қатынастарға тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның, Қазақстан және Румыния Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыру керек екенін айтты.