Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын автокөлікке рұқсат қағазды беру мәселесі бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ИИДМ көлік комитеті ситуациялық орталығының басшысы Қуаныш Ермұханов кәсіпкерлікті қолдау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің әкімшілік кедергілерді едәуір қысқартқанын, халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын автокөлікке рұқсат қағазды беру процедураларының жеңілдегенін айтты.
Халықаралық көлік тасымалын жүргізу куәлігін және рұқсат қағазды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – үш жұмыс күні.
Қуаныш Ермұханов жүк тасымалдаушыларды делдалдардың қызметіне жүгінбей, бірден рұқсат қағазды алуға және шетелдік рұқсат бланкілерін, соның ішінде Қытай «С» түрінің рұқсатын алуға шақырды
«Халықаралық жүк тасымалы рұқсат етілмеген көліктерді (Транспортное средство) анықтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады», - деп атап өтті Қуаныш Ермұханов.
Алматы қаласы бойынша көлікті бақылау инспекциясының басшысы Хамитбек Петралиев бүгінгі күнге дейін халықаралық жүк тасымалдау куәлігі мен карточкасының жарамсыздығы туралы он компанияға сот талабының (иск) жіберілгенін, қазіргі кезде олардың Алматы қаласының арнайы ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатқанын айтты.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін министрліктің ресми сайтындағы «автомобиль көлігі» бөлімінде қай елдерге шығуға болатындығы туралы ақпарат жарияланған. Халықаралық қоғамдастықта жүкті халықаралық тасымалдаумен айналысатындар үшін шетелдік рұқсатты алу үшін өтінішті электронды жүйе бойынша беруге болатындығы және халықаралық жүк тасымалына қатысты басқа да ақпараттарды білу үшін көлік комитеті ағымдағы жылдың қараша айының басында арнайы @tasymaldau телеграмм-каналын ашты.
Қазіргі кезде рұқсат беру жүйесін қолдану Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде шетелдік рұқсат қағаз берілген кезде көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қазіргі кезде тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жатыр.
Мұндай нақтылы шаралар шетелдік рұқсат қағаздарды үшінші біреулерге беруге тыйым салады, оларды қайта сатудың және рұқсат қағаздардың тапшылығын жасаудың алдын алады.
Бұдан өзге, комитет көлікті цифрландыру аясында Қытай Халық Республикасының шекарасындағы «Нұр жолы» автомобильді өткізу пунктінде шетелдік рұқсат банкілерін автоматты түрде беретін тестілік режимдегі пилотты жобаны енгізді. Бұл жобаны қытайлық тарап қолдады және қазанның үшінші онкүндігінде осы жобаны енгізу жөнінде қосымша кездесулер өтті.
Рұқсат берудің қағаз бланкілерін электронды форматқа көшіру және оларды автоматты режимде беру бланкілер тапшылығының алдын алады және оларды үшінші біреулерге берудің жолын кеседі, - деп қорытындылады сөзін Хамитбек Петралиев.
Баспасөз орталығында өткен брифингке Алматы қаласының көлік компанияларының өкілдері қатысты және осы мәселелер бойынша қосымша ақпараттар алды.