Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын ресми мәлімдеді
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын ресми мәлімдеді. Ел тәуелсіздігін алған уақыттан бері мемлекеттің тізгінін ұстап, Қазақстанды қиын-қыстау кезеңдерден алып шыққан көшбасшыға әлем лидерлері жоғары бағаларын да беріп қойған.
Соңғы отыз жылға жуық уақытта Қазақстанды аяққа тұрғызып қана қоймай, дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосуы, халықаралық аренадағы беделін арттыруы, Астана секілді әсем қаланы салуы – Нұрсұлтан Әбішұлының халық үшін істеген жұмыстарының бір парасы ғана.
«Алматы» телеарнасы 2018 жылы Елбасы жолына арналған «Кемел келешек кілті» атты деректі фильм әзірлеген болатын. Назарларыңызға осы видеоматериалды ұсынамыз.