16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

11.03.2022 14:19

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.