Болгарияның Пловдив қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

16.12.2023 14:19

Болгария Қазақстанның Балқандағы ең ірі сауда және экономикалық серіктестерінің бірі саналады

Фото: gov.kz

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы – Пловдивке ресми сапармен барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Cыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында басты іс-шара ретінде Қазақстанның Пловдивтегі құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Құрметті консул болып Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі экономикалық аймақтарының бірі Тракия экономикалық аймағының негізін қалаушы және басқарма төрағасы Пламен Панчев тағайындалды. Іс-шараға Пловдив облысының мэрі И. Зюмбилев, қалалық әкімшіліктің басшылығы, қоғамдық, іскер, ғылыми және мәдени ортаның өкілдері қатысты.

Елші В.Темірбаев елдер арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, Болгария Қазақстанның Балқандағы ең ірі сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздің ірі өнеркәсіптік, мәдени және туристік облыстарының бірі – Пловдив өңірінде Республиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Құрметті консулдығын ашудың символдылығын және маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл біздің елдерімізге ауыл шаруашылығы, машина жасау, мұнай-химия және тоқыма өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өзара іс-қимылды жандандыруға мүмкіндік береді.

Пловдив облысының мэрі И.Зюмбилев іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін атап өтіп, еліміздің қарқынды дамуына назар аударды.

Қазақстанның Құрметті консулы П.Панчев қазақстандық тараптың көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысын білдіріп, бекітілген өңірлермен Қазақстанның экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын жандандыруға дайын екендігі растады.

Бұған дейін елші В.Темірбаевтың Пловдив қаласының жаңадан сайланған мэрі Костадин Димитровпен кездесуінде әңгімелесушілер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңызды рөлін атап өтіп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық деңгейде екіжақты қарым – қатынастарды арттыру мақсатында Қазақстанның үшінші мегаполисі – Шымкентпен бауырлас байланыстар орнатуға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде К.Димитров Қазақстанмен өңіраралық қатынастарды дамытуға өзінің дайындығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды қолдайтындығына сендірді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Елші В.Темірбаев Пловдивте орналасқан Болгарияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары және басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақстандық дипломат қатысушыларды еліміздің ең жоғары игілігін бейнелейтін Тәуелсіздік күнінің ерекше мәртебесі мен тарихи құндылығымен таныстырып, әрі қарай қазақстандық және болгар түрлі бейінді оқу орындары арасындағы ынтымақтастық перспективаларына қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті.

Болгар профессорлары өздері басқаратын оқу орындарының еуропалық негіздегі білім беру сапасын арттыру саясатын іске асыру тәжірибесімен, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспарлары мен басымдықтарымен бөлісті.

2025 жылға қарай 100 мың IT мамандарды даярлау жөніндегі мемлекеттік міндетті орындауға қосқан үлес тұрғысынан Қазақстан Елшісі Болгария жоғары оқу орындарының басшыларын байланыс орнатуға және оқу желісі бойынша одан әрі өзара тиімді әріптестік орнатуға жақсы мүмкіндік беретін «International Education Fair» (Астана және Алматы, 2024 ж. көктем) халықаралық білім беру көрмесіне қатысуға шақырды. Сонымен қатар қазақстандық дипломат студенттермен алмасу, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және студенттік практика желісі бойынша байланыстар тәжірибесін кеңейтуді ұсынды.

Пловдив – Болгарияның екінші үлкен қаласы және жетекші экономикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Пловдив –Еуропадағы ең көне қалалардың бірі және Болгарияның оңтүстігіндегі ең қарқынды дамып келе жатқан орталық болып саналады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады