Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

12.12.2022 14:30
ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген мәліметте.