Ақтөбеде 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиева өз учаскесінде ең бірінші болып таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысы бойынша 500-ден астам сайлау учаскесі бар. Оның 150-і облыс орталығында. Ал Теміржол депосында орналасқан сайлау учаскесінде 2700-ден астам адам тіркелді. Бүгін дәл сол учаскеде тіркеуде тұрған 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиева жарты сағат бұрын келіп, ең бірінші болып таңдауын жасады.
«Өзім барлық сайлауға қатыстым. Жаяу көп жүре алмаймын, бірақ балам көлікпен келген соң таңдауымды жасадым. Заманымыз тыныш болсын, бұл таңдау балаларымыздың болашағына керек», - дейді қария.