Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді
Президент Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БОРТ№1 Телеграм арнасына сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.