Сәдібек Түгел ҚР Президенттігіне сайлауға түсу үшін ең алғаш болып құжат тапсырды

Сәдібек Түгел ҚР Президенттігіне сайлауға түсу үшін ең алғаш болып құжат тапсырды
Сайлау 9 маусым күні өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 сәуірде Сәдібек Түгел Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер болу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайтында хабарланған.

Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес қажетті 7 құжаттың бәрін тапсырған. Атап айтқанда:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынаың үзіндісі;

2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;

3. Өмірбаяндық мәліметтері;

4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.


Сәдібек Түгел - Қазақстанның Жазушылар Одағы, Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстанның мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.


Новости партнеров