Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары қатысады
Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БОРТ №1 Telegram арнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланды.
Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады деп күтіліп отыр.
«ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы, онда ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады және шешіледі. ТМД саммиті Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары қатысады», - деген еді ҚР Сыртқы стер мнистрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.