Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшыларының кездесуі өтуде

23.09.2023 14:42

Мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады

Сурет: t.me/KZgovernment

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және тағы басқа салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның «I Өңіраралық ынтымақтастық форумының» жұмысына қатысады.

Оқи отырыңыз: Есірткіге қарсы күрес қалай жүзеге асып жатыр: 22 қыркүйек болған маңызды оқиғалар