Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді

saryarqanews.kz
saryarqanews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым», – деді Дариға Назарбаева өз үндеуінде.

Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, париияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.

Қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.

Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек.

Новости партнеров