Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин

Almaty TV
Almaty TV

Оның пікірінше, қос ел арасындағы қатынас мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікке дейін дами түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қытай Қазақстанның ішкі істеріне сыртқы күштердің килігуіне қарсы тұрады». Бұлай деп Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин «Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс» атты авторлық мақаласында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның пікірінше, қос ел арасындағы қатынас мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікке дейін дами түскен. «Өзара қолдау мен ынтымақтастық рухында біз бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейдегі саяси сенімге қол жеткіздік», - деген көрші елдің басшысы екіжақты сауда-саттықтың былтырғы көлемі рекордтық деңгейдегі 41 млрд АҚШ долларына жеткенін айрықша атап айтты. Сондай-ақ ол су тасқыны, пандемия сынды сынақтарда әрқашан өзара көмек қолын созып, бір-бірімізге ең сенімді тірек болатынымызды атап өтті.  

«Қазақстандық достарымызбен әрі қарай да шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты орната береміз. Стратегиялық тұрғыда үйлескен өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-біріміздің түпкілікті мүддеміз бен негізгі алаңдататын мәселелерде өзара қолдауды арттыра береміз. Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажетті ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш жігерін қолдаудан айнымайды, Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады. Өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік сияқты төрт маңызды қағидатты дамытып, арттыру екіжақты қарым-қатынастың орнықты динамикасын сақтауға негізделген», – деді төрағасы Си Цзиньпин.      

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы екі маршруттағы автобустар жаңартылды                                                                                               

Новости партнеров