Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.