Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады

primeminister.kz
primeminister.kz
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.

— Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сайтында атап өтілгендей, TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша бүгінде құрылыс жұмыстары 87% аяқталған. Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы былтыр Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Премьер-Министр Алматы әуежайы теміржол және автомобиль тасымалын қоса алғанда, толыққанды мультимодельды көлік-логистика хабы ретінде дамуы керек екенін атап өтті. Инвестор алдағы жоспарларында мұны ескеруі тиіс.

Оқи отырыңыз: LIVE: Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр

Новости партнеров