Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген сайлау учаскесінде барлығы 2 500 адам тіркелген
«Нұр Отан» партиясы атынан ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Опера» театрындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келді. Кандидат халықтың сайлауға жауапкершілікпен қарауын сұрады. Себебі, қазақстандықтар ешқашан саяси додаға жүрдім-бардым қарамаған деді ол.
«Меніңше, әр сайлау, әсіресе Президент сайлауы майдан алаңы емес, қандай да бір текетіреске мүлдем себеп бола алмайды. Бұл – бағдарламалар мен пікірлер жарысы. Халқымыз ешқашан елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға бейжай қараған емес. Осы жолы да ел-жұрт азаматтық белсенділік танытып, мемлекетіміздің болашағы үшін дауыс береді деп сенем», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев.