Түрікменстан мен Қазақстан президенттері маңызды құжаттарға қол қояды

15.10.2022 15:10

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды

t.me/bort_01

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарын жасайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.