Нығматулин Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының ӨКІМІ «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.