Президент екі күндік іссапармен Алматыға келді

29.10.2019 15:22

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Алматы» бағдарламасымен танысып, «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етеді

Мемлекет басшысы бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.