ҚР Президентінің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

15.07.2019 15:24

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Bnews.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Премьер-министр Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында «қарапайым заттар экономикасы» мәселесі қаралатынын айтқан еді.


Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан бірінші кеңейтілген үкімет отырысы.