Сағынтаев бейбіт шеру өткізуге тағы бір орын бөлуді ұсынды

31.08.2019 15:26

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихатқа тұрғындардың бейбіт шеруін өткізуге тағы бір орын бөлуді сұрады. Бұған дейін бұл мақсатқа "Сары-Арқа" кинотеатрының маңайынан жер бөлінген еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Мен мәслихатқа бейбіт шеру өткізу үшін "Сары-Арқа" кинотеатрының маңындағы гүлзардан басқа тағы бір орын бөлуді өтінемін,  - деді қала әкімі.

Мегаполис басшысының айтуынша, бұл шешім қаладағы саяси және құқықтық мәдениетті жаңа сапа мен биік деңгейге көтереді.