Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек
Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.kz.
«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы мәлім болды.