Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін Twitter әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашты. Қала басшысы парақша ашып қана қоймай, онда алғашқы жазбасын да қалдырып үлгерген.
Әкімнің екі тілде қалдырған жазбасы Қоғамдық кеңестің бүгін өтетін жиыны жайында жазылған.
«Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», - деді Алматы әкімі өзінің Twitter-парақшасында.
Еске салайық, өткен аптада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді әлеуметтік желілерге тіркелуге және халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырған болатын. Содан бері облыс және қала әкімдері жаппай Twitter, Facebook және Instagram желілерінде өз парақшаларын ашып жатыр.
Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз.
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) 8 апреля 2019 г.