Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек - Тоқаев

02.03.2022 15:36
inbusiness.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мұше болуына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.