Алматыда Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

29.01.2021 15:36

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары С. Құсайыновтың кандидатурасын бірауыздан қолдады

tengrinews.kz

VII шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс II сессиясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі қызметіне Серік Досымханұлы Құсайыновтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

С. Құсайыновтың кандидатурасы Президент Әкімшілігінде алдын ала қаралып, келісілген болатын.

Серік Досымханұлы Құсайынов, 1964 жылы туған, Алматы облысының тумасы, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі. Мемлекеттік басқару жүйесінде  едәуір жұмыс тәжирибесі бар.

Түрлі жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары С. Құсайыновтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.