Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

05.03.2022 15:38
primeminister.kz

Биылғы 4 наурызда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке cілтеме жасап.

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды. 

«Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды», — деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов. 

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.