Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

16.09.2022 15:40
gov.kz

Нұр-Сұлтанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төрағалық етеді.

Депутаттар елорда атауын өзгерту, сондай-ақ бір реттік президенттік мерзімге қатысты нормаларды қарастырады.