Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді
ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қанат Мусинді ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сенат Бюросының қаулысына және Сенат Регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ҚР Президенті ұсынған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.
ҚР Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылады», – деді сенатор Владимир Волков Сенат отырысында.
Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.