|
12.09.2019 | 12:50
4332

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Президентінің қытай еліне іс-сапары екі күнге жоспарланған

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді фото: Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді деп хабарлайды Ақорда.  

Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, мемлекет басшыларына көрсетліген құрметтен соң  екі елдің басшылары келіссөз залына өткен. Екі жақты жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша  авиациялық іздеу және азаматтық әуе кемелерін құтқару, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі»  құрылысын ұштастыру, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өту туралы алдын ала ақпарат алмасу сынды барлығы он құжатқа қол қойылды. Қазақстан Президентінің қытай еліне іс-сапары  екі күнге жоспарланған. Екі елдің басшылары осыдан бір ай бұрын Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде де кездескен еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир