Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді – Нығматулин

16.06.2020 15:43

Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы 22 маусым күні өтеді

Фото: inform.kz

22 маусым күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңейтілген жиында Парламент депутаттары Үкімет пен Есеп комитетінің өткен жылға есебін тыңдайды деп жоспарлануда.

«2020 жылғы 22 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter желісіндегі парақшасында.