|
30.05.2019 | 10:50
3367

Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді

Депутаттар Елбасының Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті

Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді Zakon.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру мәселесі қаралды. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.


Депутаттар Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ, отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін ерекше атап өтті.


Сенат депутаттары Тоқаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.


«Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру Елбасының Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын. Сіздерге көп-көп рахмет. Енді анда-санда осы сенатқа келіп тұрады деп сенеміз», - деді сенат төрағасы Дариға Назарбаева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир