Украина АҚШ-тан экономикалық және әскери көмек алатын болды

03.02.2021 15:52

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс мәлімдеді

Фото: gazeta.ru

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға экономикалық және әскери көмек беруге уәде берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс мәлімдеді.

Блинкен Украинаның сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескен кезде тиісті мәлімдеме жасады.

Тараптар Қырым мәселесін дипломатиялық жолмен шешу және Украинаның шығысындағы жағдайды талқылады. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономикалық реформалар және коронавируспен күресу тақырыптарын қозғады.