Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

11.07.2019 22:33

Соңғы екі жылда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы қызметін атқарды

Tengrinews.kz

Ол енді алып шаһардың тұрғын үй саясаты, кәсіпкерлік, энергетика және экология мәселелеріне жауапты болады. Сондай-ақ, қаланы абаттандыру да Тұяқбаевтың құзырына қарайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Торонто мен Таяу Шығыс техникалық университетін тәмамдаған 40 жастағы шенеунік бұған дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Атап айтқанда, 2012-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2016 жылы Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты комитетті басқарды. Соңғы екі жылда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Ал, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.