Еуропа кеңесінің басшысы Қазақстанға келеді

09.10.2022 15:55

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Шарль Мишель 26-27 қазанда Астанаға келеді

sputnik.kz

Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель қазан айының соңында Қазақстан мен Өзбекстанға баратынын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Шарль Мишель 26-27 қазанда Астанаға келеді.

28 қазанда ол Өзбекстанға барып, президент Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер жүргізеді.

"ЕО Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытып, өңірлік ынтымақтастықты қолдауға дайын", - деп жазды Мишель Twitter-де.